Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

ҚМА қазақстандықтарға үндеу жолдады

Қаржылық мониторинг агенттігі телефон арқылы жасалған алаяқтық деректері туралы хабарлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алаяқтар телефон қоңыраулары немесе хабарлама жіберу арқылы өздерін ҚМА қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін.

"Сұхбат барысында Қазақстан резиденттерінің қаражатын банктік шоттардан қылмыстық жолмен алудың әртүрлі схемаларын сылтау етіп, алаяқтықтың ықтимал белгілеріне және ҚМА тарапынан қойылған шектеулерге байланысты банктердегі шоттар бойынша операцияларды тоқтата тұру туралы хабардар етеді", - делінген хабарламада.

Әрі қарай, алаяқтар банктік шоттардың реквизиттерін, заңмен қорғалатын және құпия, жария етілмейтін деректерді ұсынуды сұрайды. Әңгімелесу барысында жәбірленушіге Агенттік атынан жалған құжаттар жіберіледі, онда мемлекеттік органның қолы, атауы, мөрі мен реквизиттері орналастырылады. Бұл ретте, қоңырау шалушылар өз әрекеттері жайлы ешкімге хабарламауыңызға кеңес береді.

"Қаржылық мониторинг агенттігі жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтінін, ақшалай есеп айырысулар/операциялар жүргізбейтінін және жеке тұлғалармен байланыс орнатуға бағытталған қызметті жүзеге асырмайтынын ресми түрде мәлімдейді.
Егер сіз алаяқтық схемаларға тап болсаңыз, сондай-ақ ұялы телефоныңыз бен ондағы деректердің ұрлануын болдырмау үшін ҚМА мұндай хабарламаларды елемеуді және құқық қорғау органдарына немесе агенттіктің Call-орталығына (1458) хабарласуды сұраймыз".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus