Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

"AGROFEST Batys 2024" фестивалі аясында аграрлық саланың дамуы талқыланды

Батыс Қазақстан облысында жыл сайынғы "Agrofest Batys 2024" фестивалі басталды. Ауқымды мереке Бәйтерек ауданы Сұлукөл ауылында өтуде.
Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін ауыл шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысы ғылымды ауыл шаруашылығы саласына тарту арқылы жаңа технологияларды енгізу қажеттігін атап өтті.

Фестиваль 26-28 шілде аралығында 3 күн өтеді, ұйымдастырушылар іс-шараға қатысушылар мен келушілер үшін ауыл шаруашылығы техникасының, жабдықтардың, ауыл шаруашылығы жануарларының көрмесін, ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциялық жетістіктеріне арналған алаңды, ІҚМ, ұсақ мал және жылқы етінен чемпионатты қамтитын ауқымды бағдарлама дайындады.
Сондай-ақ, мұнда ғалымдар, табысты кәсіпкерлер, мемлекеттік сектор өкілдері мастер-класстар мен пікірталастар өткізеді.

Мерекенің ашылуына Батыс Қазақстан облысының әкімі қатысып, барлық қатысушыларды фестивальдің басталуымен құттықтап, оның қазірдің өзінде өңірдің айтулы шарасына айналғанын атап өтті.

"Аграрлық сала ел экономикасында ерекше орын алады. Сондықтан, осы саладағы жетістіктерімен тәжірибе алмасу-бұл кезекті оқиға ғана емес, ауыл шаруашылығының барлық қызметкерлерін біріктіретін нағыз мереке. Бүгін біздің іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары мен министрліктердің өкілдері қатысуда. Сондай-ақ облыс пен еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға күш-қуаты мен білімін жұмсайтын ғалымдар мен практиктерге, компания басшыларына қош келдіңіздер деймін", - деді Нариман Төреғалиев.


Сондай-ақ облыс әкімі осы маңызды шараны ұйымдастыруға және өткізуге атсалысып, көмектесіп жатқан баршаға алғысын білдірді.
Фестивальдің мақсаты – агротуризмді дамыту, ауылмен және агробизнеспен байланыста болу үшін алаң құру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы қызметкерінің мәртебесін арттыру.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus