Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Динара Закиева бойдақ ер адамдарға бала асырап алуға мүмкіндік беретін шешімге қарсы шықты

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл ер адамдарға перзент асырап алуға рұқсат беруге қарсы. Онсыз да көңілі жарым ұл-қыздардың қауіпсіздігі үшін заңдағы тыйымды сақтап қалу қажет дейді Динара Зәкиева, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Бұл мәселе талқыланып жатқанда мен және бала құқықтарын қорғау комитеті ұл-қыздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан қолданыстағы заңнамадағы балаларды некеде тұрмаған ер адамдарға асырап алуға беруге тыйымды сақтау қажет деген ұстанымды жолдадық. Конституциялық соттың шешімін ескере отырып, заңнамаға енгізілген өзгерістерді пысықтау кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің барлық механизмін көздеу қажет деп санаймын. Бала асырап алуға үміткерлерге қойылатын талаптарды арттыру қажет", - деді ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева.

Бұған дейін "Неке және отбасы туралы" кодексіне сәйкес, бойдақ ер адамға бала асырап алуға тыйым салынып келген, бірақ жетімдер үйіндегі тәрбиеленушіні бауырына баспақ болған азаматтардың бірі бұл ережеге қарсылық білдіріп, Конституциялық сотқа жүгініпті. Бұл тұрғындарды жынысына байланысты кемсіту екенін алға тартқан. Себебі басы бос әйелдерге мұндай шектеу қойылмаған. Енді, міне, бала асырап алу бойынша ерлер мен әйелдерге тең құқық беріліп отыр. Конституциялық сот шектеуді алып тастаған. Демек, енді елімізде бойдақ ер-азаматтар да бала асырап алуға құқылы. Алайда 2023 жылға дейін бала асырап алуға ниет білдірген бірде-бір ер адам болмапты.

"Конституциялық сот бұл норманы конституциялық емес деп, жынысы бойынша кемсітуге жол бермеуді ұстанды. Бұл шешімді шығарған кезде, ең алдымен, құқықтық қорғауды қажет ететін балалардың мүддесін ескерді. Сондықтан заңнама алдымен некеде тұрған және отбасылы ер мен әйелдің бала асырап алуын қолдайды", - деді ҚР Конституциялық сотының талдаушысы Жанар Сәрсенбаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus