Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Павлодар облысында жер астына құлап кеткен автобус табылды

Майқайыңда шахтаға түсіп кеткен автобус табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, "Майқайыңалтын" АҚ аумағында іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

"24 шілдеде кешке жұмыстар барысында құтқарушылардың автобусы табылды. Жаңбыр мен желге байланысты және құлау қаупіне байланысты жұмыстар аса сақтықпен жүргізіліп жатыр. Бүгін таңғы сағат 05:00-ден бастап іздеу жұмыстары қайта басталды", - деп түсіндірді әкімнің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін "Майқайыңалтындағы" үшінші құтқарушының денесі табылған болатын. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов марқұмның туыстарына көңіл айтты.
Өңір басшысы Telegram-да "Майқайыңалтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде тұрақты негізде аздаған үзілістермен іздестіру жұмыстары жүргізілгенін жазды. Соның нәтижесінде екі құтқарушының бірінің денесі табылды. Павлодар облысының ТЖД күшімен құтқарушының мүрдесі жер бетіне көтеріліп, жедел-тергеу тобына берілді.
Табылған жетон мен киімінен құтқарушылар взводы командирінің 36 жастағы орынбасары Айдос Шаймерденнің денесі табылғаны анықталды. Облыс әкімі Айдостың ата-анасына, оның жұбайы Нұрсұлуға, сондай-ақ, туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Ал 55 жастағы жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus