Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыда балалар алаңы мен автотұрақ үшін жаңа талаптар енгізілді

Алматыда көріктендірудің жаңа ережесі бекітілді, онда құрылыс жұмыстарын жүргізу, аумақты жинау және абаттандыру кезінде тазалық сақтау мен күтіп ұстаудың негізгі аспектілері көрсетілді. Құжатта жедел дамып келе жатқан қаланың жайы ескерілген.
Атап айтқанда, пункттің бірі балалар мен спорт алаңын күтіп ұстауға қатысты. Алматының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Дулат Әшкеновтың айтуынша, алаңды тиісті техникалық жағдайда ұстау және қыс мезгілінде қардан үнемі тазалау бойынша талап енгізілген. Алаңдағы қоршаулар мен құрылыс жылына кемінде бір рет сырлануы керек.

"Балалар мен спорт алаңының иесі қауіпсіздікті және тұрақты түрде күтіп ұстауды қамтамасыз етуге тиіс. Қауіпсіздік мақсатында нысандарды транзиттік жаяу жүргіншілер қозғалысынан, өтпелерден, бұрылыс алаңдарынан, қонақ тұрақтарынан және қоқыс алаңдарынан оқшаулау қажет. Балалар алаңына кіреберісті жол мен көше жақтан ұйымдастыруға тыйым салынады", - деді Д.Әшкенов.

Ойын алаңдарын жаңарту кезінде жарақаттанбас үшін алаңның аумағында тамырлардың шығып тұрғанын немесе төмен бұтақтардың, ескі, кесілген жабдық қалдығының, сондай-ақ темір бөгеттердің болмауына мән беріледі. Іргелес аумақтарды реконструкциялау кезінде балалар алаңдары жұмыс жүргізіліп жатқан жер мен құрылыс материалдарын сақтау орындары оқшауланады.

Сонымен қатар, автотұрақ аумақтары үшін жаңа нормалар енгізілуде. Өздеріңізге мәлім, қалада автокөлікті қысқа және ұзақ мерзімге қою, көше бойында, "қалта" түріндегі жолдың жиегіне қою сынды автотұрақтың сан түрі бар.
Жалпы пайдаланымдағы жерлер мен аула аумағын жоспарлау кезінде көгалды автотұраққа айналдырмас үшін физикалық кедергілер орнату қажет. Бұған қоса, квартал мен аула ішіндегі жолға темірбетон блок, бағана, қоршау және басқа да құрылымды өз бетінше орнатуға тыйым салынады. Үй маңындағы аумақта автомобильдердің тротуарда, балалар алаңында, көгалда және контейнерлік алаңда тоқтауына және қоюына рұқсат жоқ. Бұзылып, жүрмей тұрған көлікті қоюға тыйым салынады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 19 шілдеде VIII сайланған мәслихаттың кезектен тыс ХХІ сессиясында депутаттар Алматы қаласы аумағын көріктендірудің жаңа ережесін бекітті. Бұл іс-шаралар "Таза Қазақстан" республикалық акциясының мақсатна сәйкес келетін қауіпсіз, ыңғайлы әрі экологиялық жайлы қалалық орта құруға бағытталған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus