Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қызылордада із-түзсіз жоғалған медицина қызметкері өлі табылды

Қызылордада екі күн бұрын жоғалып кеткен ер адамның өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін еріктілер биыл 20 шілдеде жоғалып кеткен 25 жастағы жігіт іздестіріліп жатқаны туралы хабарлаған болатын. Қызылорда тұрғынының жұмыстан шығып, үйіне оралмағаны белгілі болды. Ол облыстық көпсалалы ауруханада медбике болып жұмыс істеген.

"Төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаментінің қызметкерлері, Абылайханның туыстары және бей-жай қалмаған азаматтардың күшімен іздестіру жұмыстары жүргізілді. Өкінішке қарай, ол өлі күйде табылды. Иманды болсын. Жас жігіттің өлімінің егжей-тегжейі туралы ақпарат жоқ", - деп жазды "Қызылорда волонтерлері" қоғамдық қорының атқарушы директоры Ольга Чебакова Facebook-тегі парақшасында.


Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жас жігіттің өлімі туралы ақпаратты растап, екі күн бойы жоғалған жас жігітті іздеуге полиция департаментінің, полиция басқармасының, төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамы, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылғанын айтты.

"23 шілдеде жоғалған адамның денесі табылды. Бұл факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Ер адамның өлімінің нақты себебін анықтау мақсатында қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды және осы сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Тергеу әрекеттері жалғасады. Өңір полициясы марқұмның жақындары мен туыстарына шын жүректен көңіл айтады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Абылайхан Жұман облыстық онкологиялық диспансерде хирургия бөлімінде мейіргер болып жұмыс істеген. Ол хабарсыз кеткен күні жұмыстан шығып, ұялы телефонын өшіріп, қайта хабарласпаған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus