Өткен алып қашты, жұлып кетті заманда екі қарақшы болыпты. Бұл екеуінің істейтін «кәсібі» момын шаруалардың малын ұрлап, сонымен күн көрген. Ауыл арасының мазасын алып бітеді. Біле қалғандай болса, бұларға өздерінше жазаның ауырын беріп, тырнақтап жинағанды етектеп төгетін болды. Дереу сезсе болғаны, қырдағы малын талап алады, қойшы, алғанда атап-атап алатын болды. «Айып» дейді, «шығуым» дейді, «сойысымызға» дейді, осы сияқты етіп, барлық мал да жүдә болды.
Бір күні бұл екеуі кеңесіп:
— Бұдан бұлай мұндай ауыл арасын ұрламайық. Қууды көбейтпейік, кесіп алып қалған соң қосу да қиын ғой. Мұның орнына алыстан ұрлайық. Көз көрмес, құлақ естімес жерден, — деді екі қарақшы.
—...