Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматы автобустарында жол ақысын төлеу ережесі өзгереді

Алматыда қоғамдық көліктегі қолма-қол есеп айырысуды алып тастау жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
VIII сайланған Алматы мәслихатының кезектен тыс XXI сессиясы барысында депутаттар қаланың қоғамдық көлігінде жол жүрудің 120 теңгелік жаңа тарифін мақұлдады.
Депутаттар алдында сөйлеген сөзінде қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев жаңа тариф енгізе отырып, жол ақысын қолма-қол ақшамен төлеуді алып тастаудың жоспарланып отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл шара тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, себебі автобус жүргізушісі ақша жинауға алаңдамай көлік құралын басқарады.

"Шынында да, көптеген адам қала қонақтары мен зейнеткерлер қолма-қол ақша төлеуге мүмкіндігі болмаған кезде қиындыққа тап болуы мүмкін деп алаңдайды. Бірақ бүгінде жолаушылардың 97 пайыздан астамы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлейтінін, оның ішінде зейнеткерлердің 90 пайыздан астам екенін атап өткім келеді. Зейнеткерлердің қалған бөлігіне қажет болған жағдайда көлік картасын алуға көмек көрсетіледі", - деді басқарма басшысы.

Ол бүгінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың бірнеше әдісі бар екенін атады:

Оңай филиалдарында және клиенттерге қызмет көрсетудің 115 пунктінде сатып алуға болатын көлік картасы арқылы;
SMS арқылы;
мобильді қосымша арқылы (шетелдік қонақтарға ыңғайлы болу үшін интерфейсті ағылшын тілінде енгізу пысықталып жатыр)


"Алматы қаласының Көлік холдингімен бірлесіп, біз төлемнің ықтимал нұсқалары туралы ақпараттарды орналастыру бойынша жұмысты жалғастырамыз. Олардың барлығы тұрғындар үшін ыңғайлы және қала қонақтарына түсінікті", - деді қалалық мобилділік басқармасының басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus