Алматыда түнде адам өліміне әкелген жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сайын көшесінде BMW жеңіл көлікті соғып, екі адамды қағып кеткен. Олардың бірі қаза болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Almaty News (@almatynews_kaz)
Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін Алматының Әуезов ауданында түнде болған.
"BMW маркалы автокөлік жүргізушісі Сайын көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, сол қатарда тұрған Nissan маркалы автокөлікке соқтығысып, екі адамды қағып кеткен. Апат салдарынан бір адам - 48 жастағы ер адам оқиға орнында қаза болды", - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Адамның өліміне әкеп соққан ЖКО дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!