Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қуандық Бишімбаев жазасын қайда өтейді? ҚАЖК жауабы

Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев әлі тергеу изоляторында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы, әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков айтты.

"Біріншіден, Бишімбаев әлі тергеу изоляторында. Екіншіден, оның жұмыс істеуіне қатысты: өндірістік аймақтарда түрлі жұмыс бар. Ол "Еңбек" Республикалық мемлекеттік кәсіпорында мысалы ағаш, металл өңдеу саласына жұмысқа орналаса алады. Қай жерде бос орын болса сол жерге бара алады.
Бұл мәселені жұмыспен қамту бөлімі шешеді, келгеннен кейін 15 күн карантинде болады. Біз оны зерттейміз, одан әрі тәрбие жұмысы жүргізіледі. Психологтар басқа тұтқындармен жұмыс істейтін болады", - дейді Жәнібеков.

Журналистер ҚАЖК басшысынан Бишімбаев жазасын қай мекемеде өтейтінін сұрады.

"Ол жақында Астана маңындағы барынша қауіпсіз мекемеге барады, бұл - Ақмола облысы. Ол жеткеннен кейін 93-бапқа сәйкес туыстарына, сондай-ақ мүдделі тұлғаларға және адвокаттарға хабарлауға құқылымыз. Сондықтан мүдделі тұлғаларға ақпаратты осы форматта береміз", - деп қосты ҚАЖК басшысы.

Еске салайық, әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін айыпталған Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған болатын. Ал қылмысты жасырып қалған інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus