Алматы әкімі Ерболат Досаевтан Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде Төле би көшесін Яссауиден қала шекарасына дейін ұзатру жұмыстарының барысы сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы тұрғыны Төле би көшесін ұзарту жұмыстарына шағымданды.
"Қызыл кітапқа енгізілген көпжылдық қарағайларды кесіп тастады. Мұнда Тимур Елеусізов отыр, біз оны осы мәселе бойынша шақырдық, кімді шақырмадық. Бізді шаңнан қорғап тұрған қарағайларды кесіп тастады. Қолданыстағы арық жүйесін көміп тастады. Енді сол жерде жаңбыр суына батып отырмыз. Бүкіл қала бойынша жаңа арық желілері құрылып жатыр, ал бізде бәрі көміліп жатыр. Біз таңертең жолға шыққанда, осы шұңқырларға түсіп, көліктерімізді бүлдіреміз. Бұл сұмдық. Бас мердігер қоңырауларға мүлдем жауап бермейді. Тапсырыс беруші - қалалық мобилділік басқармасы - бұл жерге келмейді, бұл процесті бақыламайды. Енді не болып жатқанын білмейміз, өйткені алты ай бойы жұмыс мүлдем тоқтады. Онда не болып жатқанын түсіндіріңізші, өтінемін", - деді алматылық.
Алматы әкімі кіреберіс жолдарды жақсарту және арықтарды тазалау бойынша шұғыл шаралар қабылдауға уәде берді. Ағаштар отырғызылатынын айтты. Бірақ жұмыстың қарқынына қатысты қиындықтар бар.
160 жер учаскесінің 140-ы сатып алынған. Қалған 20-сына қатысты сот жүріп жатыр. Осы себепті жұмыс ұзаққа созылды. Досаев соттар күзде аяқталады деп үміттенеді, содан кейін жұмыстардың жандануын күтуге болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!