Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

60 672 жамбылдық жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңесте халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру шаралары қаралды.

Басқосуда жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды баяндады.

Биыл 60 672 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланған десек, 1 шілдедегі жағдай бойынша жылдық жоспар 56 пайызға (33 963 адам) орындалған.

Бүгінде 26 867 адам жұмысқа орналасты. Ал, 13 507 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

— Жыл соңына дейін тағы 20 076 жұмыс орны ашылады. Бұдан бөлек, 18 239 адам тұрақты жұмысқа орналасады деп көзделуде, – деді басқарма басшысы.

Жұмыспен қамтудың өңірлік карталары аясында 33 440 жұмыс орны құрылды. Мемлекет басшысының «Әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» тапсырмасына сәйкес облыста 14 331 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Электронды еңбек биржасы арқылы 1 122 адам жұмысқа орналастырылды. Субсидияланатын жұмыс орындарына 13 360 адам тартылып, есепті кезеңде оның 1500-ге жуығы тұрақты жұмысқа ауысты. 3 922 жұмысссыз кәсіптік оқумен қамтылды.

Халықтың әлеуметтік осал топтарына, яғни 504 адамға қайтарымсыз грант берілді. 362 адамға 2,5 пайыздық микрокредит беру жоспарлануда.

Өңірдегі 55 423 адамды атаулы әлеуметтік көмекпен (АӘК) қамту көзделген. Қазіргі таңда 5 239 отбасындағы 28 044 адамға әлеуметтік көмек тағайындалды. Бұдан бөлек, 1 жастан 6 жасқа дейінгі 8 692 балаға ай сайынғы қосымша төлем төленді. АӘК алатын, еңбекке қабілетті 4,9 мың адам жұмысқа орналасты.

Басқосуда облыс әкімі басқарма басшысынан бұған дейінгі кеңесте берген тапсырмаларының орындалу барысын сұрады.

Сонымен бірге халықты жұмыспен қамту көрсеткіштері төмен қалыптасқан аудан әкімдерінен есеп алынды.

— Халықты жұмыспен қамту шараларына тарту – біздің басты міндетіміз. Тұрғындар мемлекеттік бағдарламалардан шет қалмауы тиіс. Сондықтан ортақ іске жұмылып, қолға алынған шаралардың мүлтіксіз орындалуына күш салу қажет, – деген Ербол Қарашөкеев жауапты басқармаға аудан, қала басшылығымен бірлескен жұмысты ретке келтіруді тапсырды.

Ербол Қарашөкеев электронды еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасқан азаматтардың зейнетақы жарналары тұрақты түрде аударылуы тиіс екенін айтты.

Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде заң талаптарының сақталуына жіті көңіл бөліп, бюджет қаражатын тиімді пайдалануды ескертті.

Сообщение 60 672 жамбылдық жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus