Данышпан қыз ертегісі. Данышпан қыз туралы ертегі. Өткен заманда бір хан болады, ханның он жеті әйелі болады. Жасы сексенге келгенде әйелдеріне көңілі толмай тағы бір ақылды әйел алуды арман қылады.
Өткен заманда бір хан болады, ханның он жеті әйелі болады. Жасы сексенге келгенде әйелдеріне көңілі толмай тағы бір ақылды әйел алуды арман қылады. Хан осы мақсатпен елге жар салады. Онда: «Мен бір жұмбақ айтамын, сол жұмбағымды кім шешсе мол қазына, бір көз алтын беремін, тек дүниеге қызығып таба алмағанды дарға асамын!» — дейді. Жұмбағы: «Бірінші, дүниеде ең ауыр не? Екінші, дүниеде ең тәтті не? Дүниеде ең қатты не?» — дейді. Бәгесі — бір көз алтынды тапқан адам алмақ, таппаған адам асылмақ. Хан алтынды жар жағына үйдіріп қойған, үш күнде бір рет теріс шешкен бес-алты адам дарға асылып тұратын болған. Кемпірі...