Бұрынғы өткен заманда бір патшаның үш ұлы болыпты. Патша үшеуіне: «Күнде көрген түстерінді маған айтып тұрыңдар. Мен сендерге күнде жақсы ойыншық берем жане ойын-сауық, тойға апарып тұрам», — деп тапсырады екен. Соған балалары мәз болып, күнде көрген түсін әкесіне айтып келіп жүрді. Әкесі балаларын қызықтырып, түсін айтқан сайын жақсы-жақсы ойыншықтар беріп жүрді. Сонымен бір күні ең кіші баласы бір жақсы түс көріпті де: «Бұл түсімді өлсем де ешкімге айтпаймын», — деп ойлайды. Бала таңертең әкесіне келді. Келсе, екі үлкен ағасы көрген түсін әкесіне айтып, ойыншықтарын алып жатыр екен. Ал, мына кіші баласы әкесіне айтты:
— Әке, мен бүгін түс көргенім...