WBO және IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы басты мақсаты – төрт тұжырым бойынша чемпион атанып, тарихта қалғысы келетінін жеткізді. Бұл туралы Sports.kz жазды.
«Мен төрт титулға ие болу және абсолютті чемпион атану үшін бәрін жасауға дайынмын. Біз дүние жүзіне танымал болу үшін аянбай еңбектенудеміз және сол үшін қолымыздан келгеннің бәрін істейміз. Бұл дәрежеге жету жолында мен мықтылармен, танымал боксшылармен жекпе-жек өткізуім керек. Алдағы уақытта Канело Альварес, Давид Бенавидес сынды жұлдыздармен жұдырықтасуды жоспарлап отырмыз», — деді Әлімханұлы Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 14 шілде күні таңертең Лас-Вегас қаласында шаршы алаңға шығып, жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайловичпен жекпе-жек өткізеді.
Сообщение Жәнібек Әлімханұлы «Канеломен» жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.