Күрестен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың бапкері Ром Ильматов 93 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аты аңызға айналған маманның қазасы туралы Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы хабарлады.
Ильматов 1936 жылы Бородулиха ауданындағы Ауыл станциясында дүниеге келген, 14 жасынан бастап грек-рим күресімен айналысқан. 1957 жылдан бастап Педагогикалық университетте сабақ беріп, жаттықтырушылық қызметпен айналысуды бастаған. Ильматовтың ең танымал шәкірті - грек-рим күресінен 1980 жылғы Олимпиада чемпионы және 1981 жылғы әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров.
Фото: olympic.kz.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!