Алдағы күндері күн суытуы мүмкін. Синоптиктер 11-13 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдағы үш күнде ауа райына оңтүстік циклонның ықпалы болады, сондықтан күн райы бұлтты болады деп күтіледі, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, 12-13 шілдеде батыста, 13 шілдеде оңтүстікте, елдің орталығында қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл мен жел күшейеді.
"Ауа температурасы біртіндеп төмендейді: күндіз елдің батысында +25...+30 градусқа дейін, солтүстік-батыста +20 ...+30 градусқа дейін; ал республиканың солтүстігі мен шығысында күндізгі температура +28...+38 градусқа дейін көтеріледі, қалған аумақта өзгерістер күтілмейді", - деп жазылған хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!