Тілеміс пен Мәнжі Кенесарының оң жағында, Ағыбай батырмен қатарлас бұғып жатқан еді. Екеуі де жағдайды анық аңғарлайды. Бұл қалыпта қамалдың алына қоюы екіталай. Тәуекел!.. олар Ағыбайға да, басқаларға да айтпастан кейін жылжып, жалғыз бөлініп шықты. Жеке қимылдағаннан төтесі жоқ. Оң қолдарына қылышын, ал сол қолдарына шолақ найзасын ыңғайлап ұстайды. Ербиген баялыш бұталарын, қурай-қурайды паналай, жау назарына шалынбастан қамалға жетті-ау ақыры. Ішке қарғып түсті. Қоян-қолтыққа келгенсін-ақ Құдайдың бергені. Қылыш пен найза екі қолымен бірдей сермейді...
Тілеміс пен Мәнжінің даусын жазбай таныған, күні бойы дымы құрып, ызаға булығып жатқан Кенесары сарбаздары қос батырдың соңынан бекініске лап береді. Олар қамалға жеткен бойда қарғып-қарғып...