Қазақстанда қанша мүмкіндігі шектеулі адам бар? Оларға қандай көмек көрсетіледі? Massaget.kz тілшісі сауалдарға жауап алу үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ресми сауал жолдады.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Қазақстанда қанша мүгедектігі бар адам бар?
Инклюзия департаменті мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда 725 мыңнан аса мүгедектігі бар адам тұрады.
Ересек адамдар - 615,5 мың адам (бірінші топтағы мүгедектігі бар адам - 76,4 мың адам, екінші топтағы мүгедектігі бар адам - 270,7 мың адам, үшінші топтағы мүгедектігі бар адам - 268,4 мың адам);
0-ден 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар саны - 109,5 мың.
elements.envato.com
2021 жылы Қазақстанда 696,8 мың мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде ересек адамдар - 598,5 мың адам (бірінші топтағы мүгедектігі бар 67,6 мың адам, екінші топтағы мүгедектігі бар 272,6 мың адам, үшінші топтағы мүгедектігі бар 258,4 мың адам), мүгедектігі бар балалар саны - 98,3 мың.
2022 жылы 711,8 мың мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде ересек адамдар - 607,5 мың адам (бірінші топтағы мүгедектігі бар 71,5 мың адам, екінші топтағы мүгедектігі бар 271,4 мың адам, үшінші топтағы мүгедектігі бар 264,6 мың адам), мүгедектігі бар балалар саны - 104,3 мың.
elements.envato.com
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.