Бурабайға Павлодардан демалысқа келген балалар үйінің тәрбиеленушілері ауруханадан бір-ақ шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Маусымның 30-нан бастап балалар Edelweiss borovoe балалар сауықтыру орталығына демалуға барған.
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше барлық он бала Щучинск қаласындағы ауруханаға жатқызылған.
"7 шілде күні шамамен 11:30-да он балаға диагноз қойылып, бәрі Щучинск қаласындағы көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылды. Қабылдау бөлімінде балаларды инфекционист және отоларинголог мамандар қарап, мұрыннан бактериологиялық зерттеуге жұғынды, алынып, менингококкқа тамақтан жұғынды, ротавирус және энтеровируске, сондай-ақ ковидке анализдер алынып, жалпы қан талдауы жасалды. Екі балаға көкірек қуысына рентгенографиясынан өтті. Үш балаға бұлшықетішілік дәрі беріліп, қалғандарына пероралды антибиотиктер мен тамақты шайылды", - деді Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасынан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!