Қойсары батыр мен Алмат батыр туралы әңгіме. Кіші жүзде Алмат, Самұрат деген ағайынды кісілер болыпты. Солардың Алмат батыр аузы дуалы, көріпкел адам екен. Алайда оның бір жаман әдеті — жайлауда отырған жерінің үстімен біреу-міреу мал айдап өтетін болса, ол дереу жігіттерін жіберіп, әлгі адамның малдарын тартып алып, оңайлықпен қайтарып бермейді екен.
Кіші жүзде Алмат, Самұрат деген ағайынды кісілер болыпты. Солардың Алмат батыр аузы дуалы, көріпкел адам екен. Алайда оның бір жаман әдеті — жайлауда отырған жерінің үстімен біреу-міреу мал айдап өтетін болса, ол дереу жігіттерін жіберіп, әлгі адамның малдарын тартып алып, оңайлықпен қайтарып бермейді екен.
Сол Алматты сынап көрейін деп бір күні Қойсары батыр оның ауылының үстінен бір үйір жылқысын айдап өтеді де, бірақ алысқа ұзамай екі-үш шақырым жерге барып қос тігіп, қоныстас болатын ыңғай білдіріпті. Сәлден соң Алматтың жортуылшы жігіттері келіп, әй-шәйсіз жатқан жылқыларды қуып әкетеді.
Осыны күтіп жатқан батыр атына мініп Алматтың үйіне келеді. Киіз үйдің белдеуіне атын байлап,...