Биназар батыр өз тұсында Ағыбай батырмен және Бөлтірік шешенмен үзеңгілес, дос-жар болған. Жас кезінде Сыпатай батырдың ақ батасын алған.
Бірде Биназар мен Бөлтірік жолға шығады. Ойлары ел тыныштығын байқау екен. Содан бір бұлақтың басына келіп ат шалдырады. Алаңсыз жатқан екеуін түнде аңдаусызда жеті адам байлап-матап алады. Олар сәлден соң: «ал, енді, өлең айтыңдар!» деп мазақ етеді. Сонда Бөлтірік шешен: «Сендер жетеусіңдер, біз екеуміз, екі шалды байлап қойып өлең айт дегендеріңе жол болсын. Несіне қорқасыңдар, қолды босатыңдар, өлеңді содан кейін айтайық», — дейді. Шынында неден қорқамыз дегендей әлгілер бұлардың қолын босатады. Сол кезде Биназар батыр:
— Астымдағы мінгенім Айторы еді,
Екеу...