Венгрия шопандары XIX ғасырда шығарған венгр овчаркасы. Муди — кішкентай ғана, өте ширақ ит. Бақташылық инстинкті жақсы дамыған. Соған орай бақташылыққа тез дағдыланып, малды жақсы бағады. Иттің бұл тұқымы Закарпат облысының шаруашылықтарында кеңінен пайдаланылады. Мұнда 1 шопан 2 итпен 700-800 қойы бар бір отарды егістік пен ағаш көшеті тігілген жерлердің арасында жая береді. Бұл иттер өз міндетін жақсы атқарады. Егінге мал түсірмейді.
Муди — тарамыс денелі ит түріне жатады, ол ірі емес (шоқтығынан есептегенде 47 сантиметрге дейін болады), бірақ бұлшық етті, шымыр. Кеуде бөлігі шалқақ, шаршылана біткен. Басы сопақша, сына тәріздес. Маңдайы сәл дөңестеу. Тұмсығы қысқа, маңдайлығы кең, ерні құргақ....