Синоптиктер алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанаға арналған ауа райы болжамы
27 маусымда елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 33-35 градус жылы.
28 маусымда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 35-37 градус жылы.
29 маусымда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 27-29 градус жылы.
Астанаға арналған ауа райы болжамы
27 маусымда мегаполисте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 22-24, күндіз 34-36 градус жылы.
28 маусымда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағайдың екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз 36-38 градус жылы.
29 маусымда көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 2-7, екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз 34-36 градус жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!