Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағы 2) тармақшасына сәйкес, Астанада 2024 жылғы 28 маусымда сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы шақырылсын", - делінген өкімнің мәтінінде.
Палаталардың соңғы бірлескен отырысы 21 маусымда өткен болатын. Ол кезде депутаттар үкіметтің 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін қарады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!