Бір қария мешітке намаз оқу үшін келе жатады. Әбден қартайған, әлі жоқ. Жолда екі рет құлап қалады. Сонда да қайтпай, қайткенде де намазға үлгеріп, Аллаһтың разылығын алу үшін жүріп келеді. Бір кезде, қайдан сап ете қалғаны белгісіз бір бала кеп, қолтығынан демеп:
— Мен сізге көмектесейін. Жүріңіз, — деп жетектей жөнеледі. Қарияның жүрісі өніп, жағдайы түзеліп, жаны кіріп қалады.
— Рахмет, балам! Өркенің өссін! Аллаһ сауаптан жазсын саған. Кімнің баласысын, шырағым?! — деп мейірлене әңгімеге тартады.
— Мен шайтанмын, — дейді бала. Қария шошып кетеді. Сосын таң қалып:
— Онда, неге маған көмектесіп келесің, — дейді.
— Сенің Аллаһу та’алаға...