Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Үкімет төтенше резервтен 1,3 миллиард теңге бөледі

ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов Үкіметтің төтенше резервінен Қостанай облысында ауқымды су тасқыны салдарынан зақымдалған электр беру желілерін қалпына келтіруге 1,3 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жөндеу жұмыстары Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелді аудандарында жүргізіледі, бұл жергілікті тұрғындарды тұрақты электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Биыл 27 наурызда өзендер мен су айдындарындағы су деңгейінің бірден көтерілуіне байланысты Қостанай облысының оңтүстік аудандары су астында қалды. Соның салдарынан әуедегі электр желілері мен трансформаторлық қосалқы стансалардың тіректері астындағы топырақ шайылып кетті. Бұл олардың зақымдалуына және 37 елді мекеннің тұрғындарын электрмен жабдықтауды шектеуге әкелді. Техникалық тексеріс қорытындысы бойынша 989 зақымдалған тірек анықталған.

"Бүгінде барлық ірі елді мекендерде электрмен жабдықтау уақытша схема бойынша қалпына келтірілді. Жөндеу бригадалары су тасқынының салдарын мүмкіндігінше тез жою үшін жұмысты жалғастырып жатыр", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 21 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов жүргізіліп жатқан жұмыс барысына түсініктеме берген болатын.
Барлығы 12 мың тұрғын үй (ЖТҚ) және 26 мың саяжай учаскелері су астында қалды. Зақым келген 17 982 үйге тексеру жасалып, 15 685-ін бағалау жұмысы аяқталды. Олардың жартысына жуығы жөндеуді және қалпына келтіруді қажет етеді. Осы мақсаттарға 38,6 миллиард теңге бөлініп, 5823 отбасы өтемақы алды.
8 мыңнан астам үй апатты деп танылды. Олар бойынша азаматтардың талап-тілегіне байланысты залалды өтеудің 2 нұсқасы қарастырылған: қайталама нарықта пәтер немесе үй сатып алу; үй салып беру.
3155 отбасы жаңа баспана алды. Өңірлерде 2049 үйдің құрылысы белсенді жүргізіліп жатыр. Жалпы тұрғын үйді қалпына келтіруге және салуға 251 миллиард теңге бағытталғаны айтылды.
Сонымен қатар, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылымға және жолдарға зиян келді. Атап айтқанда, 2,3 мыңнан астам энергиямен жабдықтау тіректері қирап, 54 км желі үзілді. 40 пайыздан астамы бүгінде қалпына келтірілді, жаз айларында жұмыс қарқыны артады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus