Алматы полициясы "Қазақстан" қонақүйі маңында түсірілген түсініксіз видеоны зерттеп жатыр
Видео сипаттамасында куәгерлер ер адамдар арасында жанжал туындағанын айтқан. Жігіт ер адамды ұрып, салдарынан жәбірленуші есінен танып қалғаны айтылған.
Кейбіреулер жүргізуші мен жолаушы арасында кикілжің болғанын жазған. Болжам бойынша, таксиден түскен жолаушы есікті қатты жауып, жүргізушінің ашуын келтірген.
Полиция оқиғаға қатысты тергеуді бастады.
"Осы факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Объективті мән-жайлар анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!