Астана мәслихаты қаладағы жаңа, алтыншы ауданның атауын бекітті. Ол - Сарайшық, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана Тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Есіркептің айтуынша, ономастикалық комиссия отырысында жаңа аудан құру және оған атау беру мәселесі қаралды.
"Астанада алтыншы аудан құру туралы мәселе туындаған сәттен бастап зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, тарихшылармен бірге қандай атауды таңдау керек екенін ұзақ талқыладық. Ономастикалық комиссияның қарауына 15 атау келіп түсті, оның төртеуі таңдалды: Жерұйық, Сауран, Тұран және Сарайшық. Біз тарихи маңызы бар Сарайшық деген атқа тоқталдық", - деді Сәкен Есіркепов.
Дауыс беруден кейін елорда мәслихатының депутаттары жаңа ауданның атауын бекітті. Бұл ретте жаңа ауданның атауын бекіту туралы соңғы шешімді Республикалық ономастикалық комиссия қабылдайды.
Tengrinews.kz
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!