Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанның ет өнімдері Түркия нарығына шектеусіз экспортталады

Еліміздің Тәуелсіздігін алғаш рет мойындаған мемлекет ретінде Түркия елі қашан да байырқалы бастамаларға бірлесіп келеді. Осы екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың берік болуының нәтижесінде ел экономикасы едәуір өсіп, сауда айналымы айтарлықтай арта түсті.
Бұл ретте, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт үлесін де ерекше айтуымызға болады. Дегенмен, кейінгі 20 жыл көлемінде Түркия еліне ет бағытындағы бірқатар өнімдерді экспорттауға шектеу енгізілген болатын. Енді бұл шектеулер толықтай алынып тасталды.
Нақтырақ айтқанда, ҚР Президентінің тікелей тапсырмасы аясында осы жылдың 7 маусымынан бастап қазақстандық өнімдерді Түркия нарығына жеткізуге кедергі болған бірқатар шектеулер алынып, емін-еркін сауда айналымын жасауға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Түркия Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Гизлигидер Эбубекирдің екіжақты келісімі ықпал етті.
Бұл тікелей Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүргізген экономикалық ынтымақтастықтың нәтижесі деп білеміз. Қазақстандық өнімдерді шет мемлекеттердің нарығына жеткізу үшін әрбір бастаманың маңыздылығы айрықша екені сөзсіз. Сол себепті аграрлық саланы дамытушы азамат ретінде Мемлекет басшысына отандық өнімге қолдау танытқаны үшін алғаусыз алғысымды білдіремін.
Жалпы, елімізде мал шаруашылығы оң динамикада дамып келеді. Бұған қоса, елімізде осы шаруашылықтан өндірілген өнімдерді тереңдетіп өңдеу үшін көптеген комбинаттар мен фабрикалар салынды.
Мәселен, былтыр Сыр өңірінде ет бағытындағы құс шаруашылығын дамыту мақсатында Қармақшы ауданында "Қармақшы құс" ЖШС-нің қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы іске қосылды. Қазіргі уақытта серіктестік 500 тонна құс етін экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.

2025 жылы Жаңақорған ауданында қуаттылығы жылына 3500 тонна құс фабрикасының құрылысы жобасы және мал бордақылау алаңдарының құрылыс жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл инвестициялық жобалар іске асқан жағдайда түркі мемлекеттеріне экспорттауға ниетті екендігін жеткізгім келеді.
Жыл сайын Қызылорда облысында асыл тұқымды мал сатып алуға, асылдандыруға, ет-сүт өніміне мемлекет тарапынан қаржы бөлініп келеді. Нәтижесінде, аймақта төрт-түлік мал басы жоғары көрсеткіште өсіп, өнім өндіру тұрақты ұлғаюда.
Ел экономикасының ең маңызды салаларының бірі – ауыл шаруашылығы саласы болғандықтан тың жобалардың нәтижелі іске асуы өте маңызды.
Сыр өңірінің мал шаруашылығымен айналысатын азаматтары ақжолтай жаңалықты естіп, өздерінің қуаныштарымен бөлісуде.
Осы ретте, мал шаруашылығы оның ішінде ет өнімдерін өңдеу бағытындағы тың бастамаларды жүзеге асырып, аталған салада еңбек ететін азаматтарға осындай үлкен мүмкіндік тудырғаны үшін Мемлекет басшысына ерекше алғысымызды жеткіземіз.

Президентіміздің тікелей тапсырмасы негізінде Үкіметтің қолдауымен отандық өнімнің әлем нарығына жеткізілуін қамтамасыз етуге ықпал жасаған ҚР Сыртқы істер және Ауыл шаруашылығы министрліктеріне барша ауыл шаруашылығы саласының оның ішінде, төрт-түлікті түлетіп, азық-түлік қауіпсіздігіне үлес қосып жүрген шаруалардың атынан шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Еліміздің әл-ауқаты артып, отандық өніміміз дами берсін!
Абзал Ералиев, Қазақстанның Еңбек Ері
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus