16 маусымда Astana Half Marathon өтеді. Осыған байланысты елорда әкімдігі тұрғындарға жолдардың жабылуы туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биыл 20-дан аса елден алты мың адам старт сызығына шығады. Жарыс кезінде Астана жолдарында көлік қозғалысы жартылай жабылады. Қозғалыс кезең-кезеңімен ашылып, таңғы 10-ға дейін толық қалпына келтіріледі.
Жүгіру жолы EXPO көрмесінен басталып, қаланың басты көрікті жерлері, соның ішінде "Бәйтерек" монументі, "Хан Шатыр" сауда орталығы, Тәуелсіздік сарайы, Ботаникалық бақ, Бейбітшілік және келісім сарайы, Абу-Даби Плаза және Ұлттық мұражай арқылы өтеді.
Жолдардың мына учаскелерінде көлік қозғалысы шектеледі:
Түркістан көшесінің бойымен, 28/4 көшесінен Сығанақ көшесіне дейін 06:30-дан 07:30-ға дейін;Сығанақ көшесінің бойымен, Түркістан көшесінен Нәжімеденов көшесіне дейін сағат 07:10-дан 8:35-ке дейін;Нәжімеденов көшесінің бойымен, Қалдаяқова көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін сағат 07:10-дан 8:35-ке дейін;Тәуелсіздік даңғылы бойымен, Нәжімеденов көшесінен Байтұрсынұлы көшесіне дейін сағат 07:20-дан 08:00-ге дейін;Түркістан көшесіндегі жолдың Сығанақ көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі бөлігінде сағат 06:35-тен 08:45-ке дейін;Қонаев көшесінің бойымен, Түркістан көшесінен Тұран даңғылына дейін сағат 07:30-дан 09:00-ге дейін;Қонаев көшесінің бойымен, "Хан шатыр" сауда үйі аумағының айналасында сағат 07:35-тен 09:05-ке дейін;Достық көшесінің бойымен, Тұран көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін сағат 07:45-тен 09:15-ке дейін;Ақмешіт көшесінің бойымен, Достық көшесінен Түркістан көшесіне дейін ЭКСПО айналасында сағат 07:05-10:00.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!