Синоптиктер Қазақстанда 8, 9 және 10 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжам бойынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, бірқатар аймақта қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Елдің солтүстік-батысында және солтүстігінде кей уақытта нөсер жауады, күн күркірейді, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
"Бұл ретте Қазақстанға Жерорта теңізінен өте жылы ауа ағыны келеді, соның әсерінен облыстардың көпшілігінде термометрлер 27-35 градусқа дейін, ал оңтүстікте 35-42 градусқа дейін көтеріледі", - делінген хабарламада. дейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!