Қарағанды облысындағы ең төменгі қауіпсіздік режиміндегі колониядан тұтқын қашып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Патриот" мәліметіне сілтеме жасап.
"Сотталған адамның жүрген жерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Түзеу мекемесінің жеке құрамы мен Қарағанды облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды", - деп хабарлады Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.
Қызметтік тергеу басталды. Ол бас бостандығынан айыру жазасын өтеуден жалтарған қашқынға қатысты қылмыстық іспен қатар жүргізіліп жатыр. ТЖ-ға жол берген лауазымды тұлғалар жазаланады.
Сондай-ақ, басылым колониядан қашып кеткен адамның белгілерін жариялады. Ол үш айдан кейін босатылуы керек болған. Бірақ жазасының аяқталуын күтпей, қашып құтылған.
Аты-жөні Ошанаев Жандос, 1992 жылы туған. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 1, 2, 3-тармақтары бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан. Қарағанды қаласында тіркелген. Туыстары Теміртауда тұрады.
Бойы - 175 сантиметр. Салмағы - 73 келі. Орта денелі, шашы қара, көзі қоңыр. Сол жақ қолында 4,5 сантиметр күйік тыртығы бар. Оң қолының ортаңғы саусағында сақина түріндегі татуировкасы бар.
"Кімде-кім сотталушының қайда екені туралы мәліметті білетін болса, Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД-ның 87212 30 00 21 нөміріне немесе полицияның 102 нөміріне хабарласуын сұраймыз", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!