Абай Құнанбайұлының педагогика және мораль туралы афоризмдері, қанатты сөздері, ұлағатты сөздері. Абай Құнанбаев
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге,
* * *
Әр елдің, тілін, өнерін білген кісі онымен бірдейлік
пікірлесе алады, аса арсыздана жалынбайды.
* * *
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалаң.
Сен де — бір кірпіш дүниге
Кетігін тап та, бар, қалан!
* * *
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
* * *
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп.
Айтпа ғылым сүйсеңіз! —
* * *
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
* * *
Білімсіздік — хайуандық.
* * *
Біреуден біреу артылса,
Өнер өлшеніп тартылса,
Оқыған, білген...