ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында қазақы болмысын жоғалтпаған елді мекен санаулы болса, соның бірі – Амандық ауылы. Оның басқалардан ерекшелігі, мұнда өмір қыз-қыз қайнаған, шағын ғана ауыл болғанымен, 11 жылдық мектебі бар. Ал жастары ата кәсіп - жылқы өсіруді қолға алып, ұлттық құндылығымыз – тазы өсіруді, қазақ күресін, өрімшілікті, ұлттық спорт ойындарын дамытып жатыр. Осы істің басы-қасында жүрген ауыл тұрғыны Ілияс Баймағанбетовті ҚазАқпарат тілшісі әңгімеге тартқан еді.