АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда ең белсенді волонтерлерлік қызметпен айналысатын жастар Қызылорда мен Атырау облыстарында тұрады. Бұл туралы Жастар және отбасы істері комитеті ашық талқыға шығарған 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.