ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жетісу облысында өңірді кезең-кезеңімен газдандыру ісі жүргізіліп жатыр. Қазіргі кезде тұрғылықты халықтың 41% астамы газға қосылуға мүмкіндік алды. Биылғы жылы газ тарату жүйелерінің құрылысы бойынша 22 жоба іске асырылуда, оған бюджеттен 6,6 млрд теңге бөлінді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.