АСТАНА. ҚазАқпарат – Польшаның Әділет министрлігі трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында «QI Trade Kazakhstan» қаржы пирамидасын басқарғаны үшін іздеуде жүрген күдіктіні экстрадициялады. Бұл туралы ҚазАқпарат Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.