Синоптиктер 18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елдің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады", - делінген хабарламада.
Тек республиканың шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын болып, елдің оңтүстігінде жел күшейіп, тұман түседі.
Түнде Жетісу облысы мен Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 25-26 градус қатты аяз сақталады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -22-24, күндіз -13-15 градус болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 0-5 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -15-17, күндіз -5-7 градус болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -13-15 аяз, күндіз -1+1 градус болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!