АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық курсанттар әскери дрондарды анықтайтын құрылғы ойлап тапты. Қорғаныс министрлігінің «Online-брифинг» апталық бағдарламасына сұхбат берген Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты бастығының бірінші орынбасары Мұрат Олжабаев осы құрылғыларды таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.