Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Түркі әлемінің мәдениетіне еніңіз. Бүгін The Spirit of Turkistan фестивалі

Бүгін The Spirit of Turkistan заманауи этникалық музыка фестивалі! Дәстүрлі және заманауи этникалық музыка жанрының ең жарқын өкілдері түркі әлемінің маңызды рухани орталықтарының бірі - Түркістанда кездеседі. Бір сахнада Steppe Sons пен DJ Edigе өнер көрсетеді.
Жоба серіктесі - Magnum Cash & Carry. Фестиваль ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қолдауымен өткізіледі.
Шоу бүгін, 23 қазанда сағат 18:00-де Karavansaray Turkistan кешенінде өтеді. Кіру тегін. 

Steppe Sons - заманауи этно-джаз тобы. Топ өз жұмыстарында түрлі музыкалық стиль мен қазақ халық аспаптарының шынайы үнін біріктіреді. Топтың репертуарында авторлық nesylskfh мен қазақ музыкасының ғана емес, сонымен қатар, белгілі джаз шығармаларының аранжировкалары бар.
Жанды дауыс, жоғары кәсібилік пен батылдық музыканттарға көшпенділер рухын заманауи интерпретацияда жеткізе отырып, өткен мен бүгінгінің ұмытылмас бейнелерін жасауға мүмкіндік береді.

Edige Таяу Шығыс пен қазақтың халық музыкасына бет бұрады. Отарсыздық призмасы арқылы қазақстандық электронды дыбысты негізге алады. Ол ZVUK Collective мүшесі, Boiler Room-де Алматының заманауи техно-сахнасын көрсетті. Ол түрлі кештің ұйымдастырушысы, сонымен қатар, U жобасын жасаушы. Ол көп ірі қазақстандық электрон фестивальде өнер көрсетті. 2022 жылы ол халықаралық "Elements" (Өзбекстан) фестивалінде Қазақстанның атынан өнер көрсетті.
DJ Edige және Steppe Sons-пен бірге бір сахнада дәстүрлі және заманауи этникалық музыка жанрының жарқын өкілдері: Abbos (Өзбекстан), Gulzada (Қырғызстан), Ситора Назарова (Тәжікстан-Қазақстан), Steppe Sons (Қазақстан), Ashina (Қазақстан) және DJ Edige (Қазақстан) өнер көрсетеді.
The spirit of Turkistan - Түркі әлемі мемлекеттерінің бірегей мәдениеттері арасындағы берік тарихи қалыптасқан мәдени байланыстар мен заманауи диалогқа негізделген жарқын музыкалық шоу.
The Spirit Of Tengri халықаралық көпмәдениетті жобасы 2012 жылы құрылған. Тамаша жарық және музыкалық қойылымның мақсаты - қазақстандықтар мен еліміздің қонақтарын Ұлы дала және бүкіл әлем халықтарының мұрасымен таныстыру. Жоба ұлттық ауқымдағы мәдени бренд мәртебесіне ие. Фестиваль барысында 80-нен астам елден келген жүздеген танымал музыкант пен ұжым, ал оның қонақтары мен көрермендері - 120 мыңнан астам адам қатысты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus