Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады

Әлеуметтік желілерде 24 және 25 қазанда орталық алаңдарда жергілікті атқарушы органдармен келісілген митингілерге қатысу туралы жалған хабарламалар мен арандатушылық үндеулер таралып жатыр. Бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бұл күндері осы жерлерде қандай да бір митингілер өткізу келісілген жоқ. "Республика күнін" мерекелеуді ескере отырып, тек ресми мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін болады. Осыған байланысты осы жалған хабарламалармен жарияланған акцияларды ұйымдастыру және оларға қатысу, сондай-ақ, оларға шақыру заңсыз. Өкінішке қарай, митингілерді немесе өзге де бейбіт жиналысты өткізудің заңды тәртібін бірнеше рет түсіндіруге қарамастан, оны бұзу орын алып жатыр. Бұл тәртіп 2020 жылғы 25 мамырда қабылданған "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңмен регламенттелгеніне назар аударамыз", - делінген хабарламада.

Заң талаптарын бұза отырып, өткізілетін митингілерді, шерулерді, жиналыстарды немесе демонстрацияларды ұйымдастыру және оларға қатысу (3 - баптың 3-тармағы) заңсыз және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша 25 тәулікке дейін қамаққа алу көзделген.
Мысалы, 15 қазанда Алматы қаласында заңсыз митингке қатысуға шақырған осындай үндеулер үшін А. есімді азаматқа сот Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабы 7-бөлігі бойынша 15 тәулікке қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза қолданды. Осындай құқықбұзушылық үшін биыл 12 қазанда Алматы облысында азамат Д. 15 тәулікке қамаққа алынды.

"Заңдылықты, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге және заңсыз акцияларды, оларға жария шақыруларды ұйымдастырудан және оларға қатысудан бас тартуға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus