НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын іске қосты. Балалар жылында бұл акция «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған ведомствоның баспасөз қызметі.