БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Цзянси провинциясында (Шығыс Қытай) балабақшаға жасалған қарулы шабуыл салдарынан үш адам қаза тауып, алтауы жараланды. Бұл туралы «Бэйцзин жибао» газеті оқиға орын алған Цзянси провинциясының Анфу уезінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасына сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.