АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде шағын және орта бизнес субьектісіне келтірілген мүліктік залалды өтеу сот сараптамасының қорытындысы негізінде де, жеңілдетілген механизм бойынша да жүргізіледі. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.