Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қыста балық аулау: ескерер ережелер мен сақтық шаралары

Қыс мезгілінде балық аулаудың өз қызығы бар. Мұны балықшылар жақсы біледі. Жыл сайын маусымның ашылуын асыға күтеді.

Қысқы балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларына баса мән беру керек. Сақтықта қорлық жоқ. Бірінші мұз қатқан бойда балық аулауға шығуға болмайды. Себебі мұз бірден қалың болып қата қоймайды. Балық аулау үшін мұздың қалыңдығы кемінде 7-10 сантиметр болу керек. Егер көп адам болса онда 15 сантиметрден қалың болғаны абзал.

• Мұз бетіне автокөлікпен шығатындар да бар. Мұздың қалыңдығы жұқа болса, онда бұл – нағыз қауіп. Автокөлікпен жүру үшін кемінде қалыңдығы 30 см-ден аз болмау керек.

•Өзен немесе көлдің асау ағынды аймақтарында мұз қалың қатпайды. Ондай бөліктерін аңдап жүру керек. Сондай-ақ су өсімдіктері, ағаш, қамыс бар жерлерде де мұздың қалыңдығы жұқа болады.

• Егер ауа температурасы 0 градустан жоғары болса, онда мұздың беріктігі 25%-ға дейін төмендейді. Мұндайда сақ болған абзал. Күн суығанын күткеннен басқа шара жоқ.

• Мұздың қалыңдығы мен беріктігін қарап та анықтауға болады. Көк түсті болса, онда берік болғаны. Ақ немесе күңгірт ақ, сарғыш түсті болса аулақ жүрген жөн. Мұндай мұз қауіпті болып келеді.

• Мұздағы немесе қар астындағы терең жарықтардан сақтану керек. Күн жылып ери бастаса, болмаса жаңбыр жауса мұз бетіне шықпаған дұрыс.

• Бір-біріне жақын бірнеше ойық жасауға болмайды. Бұл мұздың беріктігін азайтады.

• Мұз бетіне от жағып, қоқыс қалдықтарын қалдыруға болмайды. Сондай-ақ ауыр заттарды алып жүруге арнайы шана болғаны да дұрыс. Бұл мұзға бірден салмақ түсірмейді.

Егер Сізге қиындық туындаса және Сізге көмек қажет болса, Құтқару қызметінің «112» телефон нөміріне хабарласыңыз.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz 

Сообщение Қыста балық аулау: ескерер ережелер мен сақтық шаралары появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus