НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халыққа онлайн сауалнама жүргізіп, кейіннен 50 мың теңге мөлшерінде сыйақы төлейтіні туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.