ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Мемлекеттік шекарадан екі шақырым жерден атыс қаруы жасырылған орынды тапты. Жасырын жерден 4 тапанша мен 6 бірлік йір ойық және тегіс ұңғылы қару түрлері алынды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.