Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

АлматыБайктан 170 велосипед ұрланған

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде 170 велосипед ұрланып, 220-сы сынған. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мұрзаханов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"220 велосипед пен 21 АлматыБайк велостанциясы бұзылған. Сонымен қатар, 170 велосипед ұрланған. Қазіргі уақытта ат-жүйесін қалпына келтіру және тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Халыққа қызмет көрсетуді жаңарту 20 қаңтарға дейін жоспарланды", - деді Ғ.Мырзаханов.

Ол зақымдалған велосипедтерді жөндеу және ұрланған велосипедтерді қалпына келтіру үшін қосымша қаражат (370 млн теңге) бөлу мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті.

Ақылы автотұрақтардың қызметіне келетін болсақ, ол төтенше жағдай режимі жойылғанға дейін уақытша тоқтатылды.

"24 паркомат бүлінген. Бүгінгі күні аталған паркоматтар жөнделіп жатыр. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын паркоматтарға арналған жинақтауыштардың жеткізілуіне қарай қаңтар айының соңына дейін аяқтау жоспарланып жатыр", - деді Мұрзаханов.

Қалалық мобильділік басқармасының басшысы сондай-ақ жол айрықтарында, кептелістерде, метрополитенде құрылыс-монтаждау жұмыстары қайта жанданғанын айтты. Жоспар бойынша кешігулер жоқ.
Мұрзахановтың айтуынша, тәртіпсіздік кезінде 28 автобус зақымдалған (26 бірлік -- "Алматыэлектротранс" ЖШС, 1 бірлік - "АвтоАлмаТранс" ЖШС, 1 бірлік - "Автотрансгаз" ЖШС). 16 автобус толық қалпына келтірілді, қалған 12 автобус қаңтар айының соңына дейін қалпына келтіріледі.
Бүгінде барлық 151 бағыт және 1600 бірлік жылжымалы құрам, соның ішінде троллейбус және қала маңындағы бағыттар іске қосылды. Қалалық маршруттардың жұмыс тәртібі 8.00-ден 21.00-ге дейін, қала маңындағы маршруттарда 9.00-ден 21.00-ге дейін.
Сонымен қатар, метро жұмысы қайта жанданды. Жұмыс уақыты 7.00-ден 21.00-ге дейін.
Әуежай мен вокзал штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
15 қаңтардан бастап қалааралық қатынас жартылай қалпына келтірілді (Талдықорған, Тараз, Шымкент).
Қалалық мобильділік басқармасының басшысы қаланың жол инфрақұрылымын қалпына келтіру жұмыстарына тоқталды.
Қаланың жол торабына жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша от жағылған және көліктер өртенген 1050 шаршы метр жол жамылғысының, 410 метр қоқыс төгілген бордюрлердің, 98 дана қираған металл торлардың қирағаны анықталды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
Жаяу жүргіншілер жолындағы 2025 шаршы метр брусчатка демонтаждалып, жол төсемі қалпына келтірілді.

Мұрзаханов Алматыда 46 бағдаршам нысаны мен 121 жол белгілерінің (Республика алаңы, Назарбаев даңғылы, Достық даңғылы, Абай даңғылы, Райымбек даңғылы, Төле би көшесі, Сәтпаев көшесі, Момышұлы көшесі) жабдықталуы зақымдалғанын атап өтті. Бүгінде барлығы толығымен қалпына келтірілді.

Сондай-ақ, автобус павильондарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 43 автобус павильоны бүлінген, оның 23-і толық қалпына келтірілген. Қалған 20 павильонды шыны пакеттерді дайындау шамасына қарай қаңтар айының соңына дейін жөндеу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар жеке инвесторлардың ("РТС" ЖШС және "Юником Бизнес" ЖШС) қаражаты есебінен жүргізіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus