Мексикалық Хайме Мунгия (38-0, 30 КО) IBF және IBO бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізу жайлы келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Golden Boy Promotions компаниясының президенті Эрик Гомес мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
"Жекпе-жек жайлы келіссөз болғаны рас. Қос тарап ортақ мәмілеге келетініне сенеміз. Мұның бәрі Геннадий Головкинге байланысты. Оған бұл айқас керек пе, керегі жоқ па?", - деді Гомес.
Еске салайық, 2022 жылдың ақпан немесе наурызында Головкин мен күншығыс елінің өкілі WBA суперчемпионы Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасында үш титул үшін жекпе-жек болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!